12 мам, 2017 сағат 18:49

"Ұлыларға тағзым – ұрпаққа аманат" экспедициясы жолға шықты (фото)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі» – деді Елбасы өз мақаласында. Тұңғыш қазақ партиясы – «Алаш» партиясынгың құрылғанына 100 жыл толуына орай облыстық мәслихат депутаты, өнер мен мәдениет жанашыры Орал Сартаевтің бастамасымен «Ұлыларға тағзым – ұрпаққа аманат» экспедициясы жолға шықты.

«Нұр Отан» партиясының Баянауыл аудандық филиалының қолдауымен жүзеге асқан осынау шараның ең басты ерекшелігі – Баянауыл өңірін салт атпен аралау. Бұхар жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса Байжанұлы, Шәкен Айманов сынды біртуар дара тұлғаларымызбен қатар, «Алаш» партиясының белді мүшелері, қазақ жұртының маңдайына біткен асыл перзенттері Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жұмат Шанин, Қошке Кемеңгеров, Қаныш пен Әбікей Сәтбаевтардың кіндік қаны тамған және мәңгілік жай тапқан мекендеріне ат басын тіреп тағзым етіп, дұға оқып, құран бағыштау.

Баянауыл жұрты мемлекет басшысының идеясын қолдап, туған жердің қадір қасиетін жастарға ұғындыру мақсатын ұстанды. Салт атты саяхатшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімінде Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов: «Біз Баянауыл жұрты қазақ даналығы «Туған жерге туыңды тік» деп айтқандай туған жеріміздің әсем табиғатымен қоса өткен тарихын да құрмет тұтамыз. Талай даналарымызды дүниеге әкелген қасиетті топыраққа тағзым етеміз. «Нұр Отан» партиясы – «Алаш» партиясының заңды жалғасы. Сондықтан да бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке біз, ұрпақтары, жетіп отырмыз. Баянауылдың елжанды, асқақ рухты азаматтарының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалының қолдауымен ұйымдастырылып отырған осынау шара – туған жердің қасиетін асқақтата, аспандата түсері сөзсіз» – деді.

Баянауыл ауданының құрметті азаматы Мұрат Рахметов жұртшылық алдында саяхатшыларға бата беріп, ақ жол тіледі.


***
... Айтпассың қаның арзан деп,
Жаның арзан деп...
Бекіген жанға Ар – Заң боп...
Болашақ үшін сөйлеймін асқақ,
Жүсіпбек болып...
Мағжан боп...

Сөйлеймін өктем өткенім үшін,
Шеккенім үшін мың азап.
Өлтіріп алған бектерім үшін,
Дерттенер әлі мына жақ...

Мен жоқтап жүрген намысым едің,
Жалғандай, әппақ армандай!
Өлермендікпен алысып едім,
Атамның құны қалғандай.

Күн болам деп ем... Күн болам түбі...
Құл болмақ емес арым еш...
Елді ашып жүрсе, кім болам түбі,
жер басып жүрген жарым ес?!

Зарымды қайтам, (үндемен, тынып...)
Жанымды қайтем кірлеген?!
Құтылмаймыз-ау түрмеден түбі,
Міңгірлеп тұрсам мінбеден...

Сөйлеймін рухпен, бүгінім үшін,
Айқын болсын деп ертеңім...
Бүгілу үшін, бүліну үшін,
туғам жоқ шер мен дерт еміп...

Торға тоғытып, ұстаған аң қып,
Құсалы күнім, құрысын...
Әлихан өлді...
Мұстафа қаңғып...
...кім үшін?

Маңдайыңды, елім, жаралап бітті,
Сатқындықтардың сойылы.
Отанды сүю – емес қой, тіпті,
Іші пысқандардың ойыны.

Тарқамаған-ды жанынан күйік,
Тұлпардай жауыр арқасы,
Атылғандардың арынан биік –
Сатылғандардың қалтасы...

Нұрлы күндерден дәмем алдады,
Жаным алданған сияқты...
Қатал үндерден зәре қалмады –
...Шәкәрімдерден ұят-ты...

Азаттығым деп сөйлеймін бұл күн,
Қазақты сүйген Қаныштай...
Қымбатсың, ғұрпым...
Қымбатсың, жұртым...
Жанымнан қымбат намыстай...

Арнайы Ұлт порталы үшін Баянауылдан Еламан ҚАБДІЛӘШІМ

Ұлыларға тағзым – ұрпаққа аманат          Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі» – деді Елбасы өз мақаласында. Тұңғыш қазақ партиясы – «Алаш» партиясынгың құрылғанына 100 жыл толуына орай облыстық мәслихат депутаты, өнер мен мәдениет жанашыры Орал сартаевтің бастамасымен «Ұлыларға тағзым – ұрпаққа аманат» экспедициясы жолға шықты. «Нұр Отан» партиясының Баянауыл аудандық филиалының қолдауымен жүзеге асқан осынау шараның ең басты ерекшелігі – Баянауыл өңірін салт атпен аралау. Бұхар жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса Байжанұлы, Шәкен Айманов сынды біртуар дара тұлғаларымызбен қатар, «Алаш» партиясының белді мүшелері, қазақ жұртының маңдайына біткен асыл перзенттері Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жұмат Шанин, Қошке Кемеңгеров, Қаныш пен Әбікей Сәтбаевтардың кіндік қаны тамған және мәңгілік жай тапқан мекендеріне ат басын тіреп тағзым етіп, дұға оқып, құран бағыштау.          Баянауыл жұрты мемлекет басшысының идеясын қолдап, туған жердің қадір қасиетін жастарға ұғындыру мақсатын ұстанды. Салт атты саяхатшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімінде Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов: «Біз Баянауыл жұрты қазақ даналығы «Туған жерге туыңды тік» деп айтқандай туған жеріміздің әсем табиғатымен қоса өткен тарихын да құрмет тұтамыз. Талай даналарымызды дүниеге әкелген қасиетті топыраққа тағзым етеміз. «Нұр Отан» партиясы – «Алаш» партиясының заңды жалғасы. Сондықтан да бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке біз, ұрпақтары, жетіп отырмыз. Баянауылдың елжанды, асқақ рухты азаматтарының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалының қолдауымен ұйымдастырылып отырған осынау шара – туған жердің қасиетін асқақтата, аспандата түсері сөзсіз» – деді. Баянауыл ауданының құрметті азаматы Мұрат Рахметов жұртшылық алдында саяхатшыларға бата беріп, ақ жол тіледі.    *** ... Айтпассың қаның арзан деп, Жаның арзан деп... Бекіген жанға Ар – Заң боп... Болашақ үшін сөйлеймін асқақ, Жүсіпбек болып... Мағжан боп...   Сөйлеймін өктем өткенім үшін, Шеккенім үшін мың азап. Өлтіріп алған бектерім үшін, Дерттенер әлі мына жақ...   Мен жоқтап жүрген намысым едің, Жалғандай, әппақ армандай! Өлермендікпен алысып едім, Атамның құны қалғандай.   Күн болам деп ем... Күн болам түбі... Құл болмақ емес арым еш... Елді ашып жүрсе, кім болам түбі, жер басып жүрген жарым ес?!   Зарымды қайтам, (үндемен, тынып...) Жанымды қайтем кірлеген?! Құтылмаймыз-ау түрмеден түбі, Міңгірлеп тұрсам мінбеден...   Сөйлеймін рухпен, бүгінім үшін, Айқын болсын деп ертеңім... Бүгілу үшін, бүліну үшін, туғам жоқ шер мен дерт еміп...   Торға тоғытып, ұстаған аң қып, Құсалы күнім, құрысын... Әлихан өлді... Мұстафа қаңғып... ...кім үшін?   Маңдайыңды, елім, жаралап бітті, Сатқындықтардың сойылы. Отанды сүю – емес қой, тіпті, Іші пысқандардың ойыны.   Тарқамаған-ды жанынан күйік, Тұлпардай жауыр арқасы, Атылғандардың арынан биік – Сатылғандардың қалтасы...   Нұрлы күндерден дәмем алдады, Жаным алданған сияқты... Қатал үндерден зәре қалмады – ...Шәкәрімдерден ұят-ты...   Азаттығым деп сөйлеймін бұл күн, Қазақты сүйген Қаныштай... Қымбатсың, ғұрпым... Қымбатсың, жұртым... Жанымнан қымбат намыстай...   Еламан ҚАБДІЛӘШІМ.