#
#
Сенбі 28/03/2020

Вирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге келген 16 жолаушы іздестіріліп жатыр

  • 25.03.2020
  • 0
  • 76

Коронавирус жұқтырған шымкенттікпен бір автобуста болған 16 жолаушы іздестірілуде. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавируспен ауырған адам болған автобус анықталды. 51 жолаушының 35-і табылды. Олар карантинге жатқызылды. 16-сы қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр. Таяу уақытта табылып, карантинге жатқызылады», - деді Дәурен Абаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен барған жігіттің коронавирус жұқтырғанын, ал бүгін Шымкентте тағы бір адамнан вирус табылғанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар