#
#
Cәрсенбі 27/05/2020

Жаназаға барған елордалық Жамбыл облысының 6 тұрғынына коронавирус жұқтырды

  • 06.04.2020
  • 0
  • 149

6 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 жағдайы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kzсайтына сілтеме жасап.

Науқастар 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылы туған Қордай ауданының тұрғындары.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 17 наурызда Қордай ауданына туысының жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынынан жұқтырған.

«Олармен байланыста болған адамдарды анықтау, карантин стационарына орналастыру, зертханалық зерттеуге материалдарды саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиялық қызмет олардың тұрғылықты мекенжайлары мен болған орындарын дезинфекциялап жатыр», - делінген ақпаратта.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар