20 жел, 2018 сағат 13:05

«Желтоқсанның 16 күні» (деректі фильм)

«Qazaqstan» ұлттық арнасы Тәуелсіздік күніне орай дайындаған арнайы жоба - «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмі Youtube видеохостингіне жүктелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Архив құжаттары мен нақты деректерге негізделген фильм еліміздің тарихи кезеңі - Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздікке қол жеткізуіне арқау болған, 1991 жылдың желтоқсанында орын алған саяси оқиғалар туралы баяндайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің эксклюзивті сұхбатында КСРО мен басқа да кеңестік республика басшылары арасындағы қарым-қатынас, сол кезеңдегі негізгі оқиғалар мен Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың күрделі міндеттері туралы естеліктерімен бөлісті.

«Желтоқсанның 16 күні» арнайы жобасының жетекшісі - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, фильм авторы - «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин, режиссері - Дмитрий Богомолов.

Деректі фильм 18 желтоқсан күні «Qazaqstan» телеарнасында көрсетілген болатын.