16 қаз, 2018 сағат 11:48

"Өзім жайлы ақпаратты оқып жағамды ұстадым..."

Кешегі "Ел аузында" бағдарламасына шыққан мен жайлы ақпаратты оқып жағамды ұстадым.

Баяғыда берілген бір сұхбат пен бүгінгі сөзімді қосып-шатып бір материал жасапты. Ол былай тұрсын, басқа сайттар өздеріне ыңғайлап тағы өзгерткен. Бір сөзбен айтқанда ойдан құрап, қырдан құрап әйтеуір бір шулы тақырып қою мақсатына жетіпті.

Әнші мен халықтың арасында алтын көпір болуы тиіс журналистердің рейтингтің құлы болып кеткені қалай?

14 жыл жаныңды арнаған отбасыңның қирауы жанға оңай дейсіз бе? Жасым қырыққа жетпеген менің әлі ұлды болғым келуі, жақсылыққа, жақсы күнге менің де үмітім болуы айып па?

Жаны қиналған жанның жарасын тырнап, жиған рейтингтерің бүгін жақсы жалақы болатын шығар. Ертең өмірің сол арнаға бұрылып кетсе, бармағыңды тістеп қалмайсыздар ма?

"Адам баласы тілімен, қолымен біреуге зиян берсе, сол нәрсе өз басына келмей көрге кірмейді" - делінген хадисте.

Қолым барда қармап, аузым барда айтып қалам десеңіздер, Аллаға тапсырдым. Негізі бұл сұхбатты алардың алдында шығармашылық пен бизнес қана деп келісімді алып алған. Сұрақтар шығармашылық пен бизнес жайлы болып, кредит, күйеуге шығыпсыз деген сұрақтар жай, жоспарсыз арасында қойып қана отырды. Сөйтсек, бастапқы мәселе мен тақырып болыпты.

Алтынай Жорабаеваның фейсбуктегі жазбасынан