31 мам, 2018 сағат 10:09

"Зұлмат" фильмі

Фильмге атақты Созақ көтерілісі кезіндегі бүтін бір отбасының басынан өткен қасіреті арқау болған. Мұнда осы бір үйдің алты баласы ажалмен бетпе-бет келеді. Режиссер бұл арқылы күллі қазақтың сол кездегі азапты күндерін көрсетуге тырысыпты.

1930-1933 жылдардағы қаралы шежіреден сыр шертетін фильм тарихи шындыққа негізделген. Ал онда басты рөлдерді белгілі актерлер Райхан Айтқожанова, Ержан Жарылқасын және Асылхан Төлепов сомдайды.

Фильмінің режиссері: Сәбит Әбдіхалықов