02 сәу, 2022 сағат 19:04

11 жастағы қазақстандық "Голос. Дети" шоуының финалына өтті


11 жастағы қазақстандық Сағын Өмірбайұлы "Голос. Дети" шоуының тоғызыншы маусымының финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1 сәуірде "Первый канал" арнасында шоудың жаңа бөлімі көрсетілді. Алдымен жас өнерпаздар үш-үштен бірігіп өнер көрсетті. Осылайша 15 қатысушының бесеуі келесі кезеңге өтті, оның ішінде Сағын Өмірбайұлы да бар.

"Песня на вылет" кезеңінде жас қазақстандық "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін қайта шырқап, финалға шықты.

Айта кетейік, көрмей тыңдау кезеңінде Сағын Өмірбайұлы Родольфо Фальвоның "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін орындаған болатын. Қазылар алқасының екі мүшесі жас талантқа бұрылды - әнші Полина Гагарина мен рэпер Василий Вакуленко (Баста). Сағын Гагаринаны тәлімгер етіп таңдады.


видео: zakon.kz