09 шіл, 2018 сағат 08:43

13 жасар бала он күннен бері табылмай жатыр - Алматы облысы

Алматы облысында 13 жасар жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иса Бекбаевтың жоғалғаны туралы ақпаратты әлеуметтік желіде тарады.

2004 жылы туған баланың биыл 29 маусымда Үштөбеде жоғалғаны аталып өтілген.

«Алдын ала болжам бойынша, Қараталда су тартқыш аумағында суға ағып кетуі мүмкін. Оның заттары жағадан табылды. Көзі, шашы қара. Дене бітімі орташа. Адасып кетуі де мүмкін», - делінген хабарламада.