10 сәу, 2020 сағат 13:28

7-20-25: Ел бойынша 17 328 азаматтың өтініші мақұлданды

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру аясында 29 350 адамнан өтінім қабылданды. Оның 17 328-і банктердің оң қорытындысын алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша қарыз алуға 333,87 млрд теңге сомасына 29 350 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 198,97 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 328 өтінім мақұлданды», - деді ҚР Ұлттық банкінен. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-ның + 7 (727) 227-20-25 телефон нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. 

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.