13 шіл, 2019 сағат 02:03

#Abai175: Иманғали Тасмағамбетов Абайдың алтыншы қара сөзін оқыды

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Абай өлеңінен үзінді оқу эстафетасын қара сөзбен жалғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елшіліктің Facebook парақшасында жүктелген видеода Иманғали Тасмағамбетов бұл эстафетаны қара сөзбен жалғауды жөн көргенін айтады.

«Мен поэзия эстафетасын досым Игорь Крутой мен Маралтай інімнен қабылдап, ұлы Абайдың алтыншы қара сөзіне тоқталсам», - деп бастады ол.

Ел бірлігіне қатысты данышпан Абайдың ой толғамын нақышына келтіре оқыған елші эстафета кезегін өзінің досына жолдайтынын айтады.

«Мен өз кезегімде осы эстфетаны жан досым, мәдениет тарланы Досқан Жолжақсыновқа жолдаймын», - деп түйіндеді дипломат.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.