Фото: ашық дереккөз
Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша ұшатын рейстерін тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды Ult.kz.
Әуе компаниясының мәліметінше, ұша алмаған жолаушылардың билеттерінің толық құны қайтарылады. Қазіргі уақытта компания Қазақстан Республикасының азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.