05 қаз, 2023 сағат 14:38

Ақмола облысында мұғалім оқушының басын тақтаға соққан

© Photo: pixabay

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы мектептердің бірінде мұғалім оқушының басын тақтаға соққан. Елді мекенге білім бөлімінен комиссия барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде сабақ уақытында болған жағдай қызу талқыға түсті. Бейнежазбада көрсетілгендей, мұғалім балалардың бірін тақта алдына шығарған.

"Не істеп отырсың? Неге мені сыйламай отырсың? Мен сенің алдыңда тұрмын ғой", - деп ашуға булығып, оқушының басын мектеп тақтасына соғады.

Бейнежазбаның жалғасында мұғалім ортаға оқушыларды шығарып қойып, тәртіпке салған.

Алдын ала мәлемт бойынша, бұл жағдай Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы мектепте болған.

Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме дайындалып жатқанын хабарлады.

"Оқиға орнына Аршалы ауданының білім білім бөлімінде жасақталған комиссия жіберілді. Комиссия жағдайды мән-жайын анықтап жатыр. Қорытындысын күтеміз", - деп жауап берді облыстық білім басқармасы.