20 қаз, 2018 сағат 15:50

Ақтөбе әкімі бетон бұйымдарын өндіру цехының ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін қала әкімі Ілияс Испанов «СтройБетонСнаб» ЖШС-нің бетон бұйымдарын өндіру цехының ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсімге қала әкімінің орынбасары Рузия Айдашева, «Строй Бетон Снаб» ЖШС-нің негізін қалаушы Дүйсенғали Бақтыбаев пен компанияның директоры Қайрат Болатов қатысты. 

«Мен бірінші кезекте «StroyBetonSnab» ЖШС-iн және барлық қатысушыларды нақты өнімдерді шығаратын цехтың ашылуымен құттықтаймын», - деді И.Испанов. - Қалада құрылыс қарқынын ескере отырып, бұл сала бүгінгі таңда ең танымал болып табылады. Компания нарықта 10 жылдан астам жұмыс істеп келеді және оның құрылысы кезінде көптеген құрылыс компанияларымен және кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастық орнатылды. Қазіргі уақытта бұл өнiм түрi қалада салынып жатқан тұрғын үйлерде кеңінен қолданылып келеді, осы қарқынмен бүгінгі жағдаймен кәсіпорынның толық қуатына жету Ақтөбеге жалпы нарықтық сұраныстың 20% -ын жабуға көмектеседі. 

Компания нарықта 10 жылдан астам жұмыс істеп келеді және оның құрылысы кезінде көптеген құрылыс компанияларымен және кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастық орнатылды. Қазіргі уақытта бул өним түрi қалада салынып жатқан тұрғын үйлерде кеңінен қолданылып келеді және кәсіпорынның қуаттылығы келешекте Ақтөбе өңiрiндегi жалпы нарықтық сұраныстың 20% -ын қанағаттандыра алады. 

Сонымен бiрге Бактыбаев Д.С. жаңа өндіріс құру туралы және одан әрі дамыту перспективалары туралы баяндады, сондай-ақ дайын өнімдердің үлгілерін көрсетті. 

Жобаның құны - 795 млн теңге. 

80 адам жұмыс орнымен қамтылған.

Бүгін сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімі И.Испанов жанадан пайдалануға берiлген «Дина» сауда-саттық супермаркетінің ашылу салтанатына арнайы барып, Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарына сапалы кызмет көрсетулерiне сәттiлiк тiледi. 

«Мен сіздерді қаламызда жаңадан бой көтерген ірі бөлшек сауда желілісiнің ашылуымен құттықтаймын - деді сауда орталығының ашылу салтанатында қала басшысы. Өздеріңіз білетіндей, Ақтөбеде «Лучшее решение » ЖШС сауда компаниясының «Дина» супермаркеті әрбір азаматқа жақсы таныс. Бүгін біз қаланың инфрақұрылымы үшін маңызды – «Дина» супермаркетінiн тагы бiр сауда орталығын салтанатты түрде ашамыз. Әрине, «Дина» - еуропалық стиль талаптарына бейімделген заманауи сауда форматы. Жобалық қаржыландыру құрылымы - меншікті қаражаты - 210 млн. теңге,«Казком» АҚ қарыз қаражаты – 490 млн. теңгенi кұрады. 

Осы нысанға салынған инвестициялардың көлемі 700 млн. теңгеден асты, 70 жаңа жұмыс орны ашылды.