20 мау, 2025 сағат 09:24

Ақтөбеде құдыққа түсіп кеткен бала мен ересек адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Байғанин ауданында тереңдігі 10 метр болатын ескі құдыққа 9 жастағы қыз бала түсіп кеткен. Оны құтқаруға ұмтылған 1987 жылы туған азамат та құдық ішінен шықпай қалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға 17 маусым күні кешке Жарлы ауылында болған. Құтқарушылар екі үйге ортақ аулада орналасқан, ішіне қоқыс төгілген құдықтан бала мен ересек адамды ес-түссіз хәлде алып шыққан. Екеуі де жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.