16 қар, 2018 сағат 16:06

Ақтөбеде жастар форумы өте жоғары деңгейде өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазанында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.

Осыған орай, 16 қарашада Шығармашылық Академиясында «JAS JERLESTER» қалалық жастар форумы өткізілді. Шараны ұйымдастырушы – Ақтөбе қаласының әкімдігі.

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік емес ұйымдарының өкілдері, жас кәсіпкерлер, танымал спортшылар, жоғары және орта білім беру ұйымдарының студенттер мен оқушылар қатысты.

Форум мақсаты –жастар арасында тәжірибе алмасуды және жас тұлға, мемлекеттік құрылым және бизнес арасында бірден бір дискуссиялық алаң орнату.

Форум барысында 8  секция бойынша, соның ішінде «Жастар және мемлекет», «Жастарды еңбекке тарту», «Спорт», «Радикалды діни идеологияға қарсы тұру», «Кәсіпкерлік пен туризмді дамытудағы жастардың ролі», «Медиасауаттылық», «IT компания: дамудың алғашқы жылдары», «Жас ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесі, елдің қолайлы дамуының негізі» тренингтер өтті.

Форум аясында жұмыссыз жастарды қолдау мақсатында жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, үкіметтік емес ұйымдармен алдағы уақытта жұмысты жандандыру үшін меморандумға қол қойылды.

«JAS JERLESTER» атты форумының жоғары деңгейде өткізуіне атсалысқан белсенді жастар, «Жомарт жүрек», «Ақтөбе – құтты мекен» бейнеролик және эссе конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.

Сондай ақ, форум аясында Халықтық кеңсе ғимаратында жастарға қызмет көрсету орталығы ашылатын болады.

Сонымен қатар, форум аясында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы  ғимаратында Ақтөбе қаласының  ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, Республикалық «Рухани жаңғыру»   «100 жаңа есім» жобасы аясында   «Менің табысымның тарихы – елімнің табысының тарихы» атты шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.

Іс шараның мақсаты – Өлкеміз Елбасы мақаласындағы осы бір жолдар жобаның болашақ ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтау.

Іс-шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері, Республикалық «Жаңғыру жолы» облыстық штабының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен ҮЕМ өкілдері, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты » «Қоғамдық келісім» ММ қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Қалалық әкімдік ұйымдастырған жастар форумы өте жоғары деңгейде өткізілді.