11 сәу, 2022 сағат 13:32

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Қазгидромет синоптиктері 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде найзағай, екпінді жел, нөсер болады деп болжанған.

"Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елде тұман, батыста және оңтүстікте құмды дауыл болады. Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 10-18-ден 18-26 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10-17-ден 15-26 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометр бағаны 22-32 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.