Фото: © Sputnik / Альфред Микус
Синоптиктер 13-15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, елде қалың қар жауады.
"Бүгінде Ресейдің еуропалық бөлігінде айналып жүрген циклон демалыс күндері Сібірге кетер жолда Қазақстан аумағының көп бөлігін басып өтеді. Бірінші батысқа, содан кейін еліміздің басқа аудандарына ығысады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады және қарлы бұрқасын аязға ұласады.
Ауа температурасы республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында 25-30 градус аязға дейін, шығысында 15-20 градус аязға дейін, ал оңтүстігінде 5-15 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.