23 нау, 2022 сағат 11:30

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер 24-26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорны жариялаған мәлімет бойынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте жаңбыр жауып, арты сулы қарға ұласады.

"Жаңа жер циклонының әсерінен республиканың солтүстік өңірлерінде жауын-шашын болады. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклоны әсеріннен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып отыр", - делінген метеорологиялық қызметтің хабарламасында.

25-26 наурызда Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ауа райын, Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты жауын-шашын өтетін атмосфералық фронтальді бөлімдер анықтайды, республиканың оңтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар)  жауады.