08 сәу, 2022 сағат 11:22

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер демалыс күндеріне, яғни 9, 10 және 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте, Қазақстан аумағының басым бөлігінде оңтүстік циклон және атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, тұрақсыз ауа райы сақталады - жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар мен жаңбыр күтіледі.

"Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, кейде найзағай мен қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарына солтүстік-батыс антициклон жотасы әсер етеді. Осыған байланысты мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады", - делінген хабарламада.