12 ақп, 2025 сағат 11:00

Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған Абай облысының тұрғыны ұсталды


Фото: ҚР ҰҚК

Биыл 28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Ult.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктеліп отыр, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салсақ терроризмді насихаттағаны үшін екі азамат 7 жылға сотталған еді.