27 там, 2018 сағат 13:26

Алматы метросына жаңа басшы келді

Алматы «Метрополитен» КМК басшылығына Ербол Әбілдинов тағайындалды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды.

Ербол Әбілдинов бұған дейін «Алматыметроқұрылыс» АҚ басқарған.

54 жастағы қалалық жерасты метросының жаңа басшысы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (АСҚИ), «Нархоз» университетін бітірген ол мансабын сәулетші және экономист мамандығынан бастаған. 2017 жылдың наурыз айынан «Алматыметроқұрылыс» АҚ бас директоры лауазымында қызмет атқарған.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров жаңа басшыны аталған ұйым қызметкерлеріне таныстырды.