Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, 29 жастағы әйел Молдағұлава көшесіндегі ғимараттың 7-қабатынан секіріп кеткен. Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық Кодексiнің 105-бабы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
— 29 жастағы әйелдің қаза болу фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы белгіленеді, — деп мәлімдеді департаменттен.
Еске салайық, кеше Алматыда үш жасар бала биіктен құлап кетті.