10 шіл, 2018 сағат 11:20

Алматыда автобустан түсіп бара жатқан қызды көлік қағып кетті (Видео)

Автобус жолаушысы көлік астына түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға Момышұлы көшесінде, Жұбанов көшесіне жетпей болған. Куәгерлердің сөзіне сенсек, 31-ші бағдарлы автобус Момышұлы көшесімен сол жақтағы шеткі жолақта оңтүстік бағытта кетіп бара жатады. Жұбанов көшесіне жетпей, жүргізуші қызылға тоқтап, жолаушыларды рұқсат етілмеген жерден түсірмек болған.

Сол кезде алдыңғы есіктен қыз түседі. Өтіп бара жатқан "Лада Ларгус" жүргізушісі тоқтап үлгермей, қатты жылдамдықпен қызды қағып кеткен. Әртүрлі жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілген.

 Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.