31 там, 2023 сағат 11:35

Алматыда ер адам автобус жолаушыларын пышақпен қорқытқан - видео

видео кадры

Telegram-арналардың бірінде ер адам автобуста жолаушыларға пышақпен шабуыл жасамақ болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Алматыда №135 автобуста болған. 

"Жүйкесі жұқарған ер адам №135 автобустың жолаушыларын пышақпен қорқытып, автобустан түскеннен кейін дөңгелегін тескісі келді", - делінген видео астындағы жазбада.

Келеңсіз жағдайға қатысты Алматы қаласы Полиция департаменті пікір білдірді.

"Бұл деректі Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр. Кім екені анықталды, оны ұстау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оның әрекетіне ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.