28 қаз, 2021 сағат 15:55

Алматыда құрылысшылар құбырды зақымдап, үйлерді сусыз қалдырды


Алматыда құрылысшылар «Нұр-Мүбарак» ислам орталығының аумағындағы магистральды су құбырын зақымдап алды. Жарылған құбырды «Алматы су» бригадасы қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Мүбарак» ислам орталығының аумағынан өтетін диаметрі 800 мм су құбырын жеке құрылысшылар жер жұмыстарын жүргізу кезінде зақымдады. Алайда, бұл жұмыстарды атқаруға «Алматы су» МКК-дан келісім алынбаған. 

«Қазір мамандар құбырды қалпына келтіріп жатыр. Сол себепті, Сейфуллин – әл-Фараби – Сәтбаев – Ходжанов көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттарға суық су беру шектелді», – деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметінен. 

Компания мәліметінше, жөндеу жұмыстары кешке дейін жалғасады. Суық су сағат 18.00-де беріледі.