30 там, 2023 сағат 11:24

Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды


Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 тамызда Наурызбай аудандық Полиция бөліміне 25 жастағы қыз арызданған. Ол мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтқан.

"Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды. Оның әрекеті ӘҚбтК-нің 434-бабымен сараланды. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды" - делінген хабарламада.