29 қыр, 2022 сағат 18:05

Алматыда жас қызды көлік қағып кетті – видео


Алматыда 20 жастағы қызды көлікпен қағып кету дерегі бойынша тергеу шаралары басталды. Желіде жол апатының видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

"28 қыркүйек сағат 16:00 шамасында Lada көлігін тізгіндеген К. есімді азамат Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, даңғылды батыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргінші, 2002 жылы туған азаматшаны қағып кеткен. Жол апаты салдарынан дене жарақатын алған жаяу жүргінші қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Аудандық бөлініс бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады.