06 ақп, 2025 сағат 12:05

Алматыда Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы құрылады

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі мегаполистегі жол қозғалысына қатысты мәселелер қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында бағдаршамдар жұмысындағы ақау және көлік қозғалысына қатысты сұраққа жауап берді.

"Қалада жолдағы қозғалысты басқару мен қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаладағы барлық бағдаршам комплекстерінің, олардың саны - 585, тек 91-і заманауи талаптарға сай келеді. Биыл біз бағдаршамдарды ауыстыру бойынша ауқымды жұмысты бастаймыз. Сондай-ақ бұрын ешқашан болмаған Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығын құрамыз. Бүгінгі күні бұл қызмет Полиция департаментінің құзыретінде. Бірақ Ішкі істер министрлігінің мақұлдауымен енді полиция қауіпсіздік сұрақтарына жауап берсе, ал жол қозғалысын әкімдік басқаратын болады. Бұл жоба дайындалып жатыр және осы жылдың күзінде бастаймыз деп үміттенеміз", - деді шаһар басшысы.


Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі күнде 21 заңсыз орнатылған дүңгіршек бұзылғанын жазғанбыз