07 қыр, 2023 сағат 10:01

Алматыда жүргізушісі жоқ автобус жол апатына себепкер болды

видео кадры

Жол-көлік оқиғасы сағат 12:50-де Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында болған. Жолдың шетінде тұрған 79-маршруттағы автобус өздігінен артқа қарай жүріп, төрт көлікті соққан.

Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тарады.

Алматы ПД мәліметінше, "KIA" маркалы автокөліктің жолаушысы дене жарақатын алған.

"Бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қабылдады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.