25 қаң, 2022 сағат 13:38

Алматыдағы блэкаут: метро мен троллейбустар жұмыс істеп тұр ма?

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қалалық мобильділік басқармасы электр қуаты өшкенде қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда электр қуаты сөнгеннен кейін барлық троллейбус қозғалысы тоқтатылды.

Ал автобустар өз бағыттары бойынша жұмысын жалғастырады.

Алматы метрополитені өкілдері электр қуатының үзілуіне байланысты проблемалар жоқ екенін және метро штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.