24 қыр, 2021 сағат 09:17

Алматылық әнші алғаш рет "Вечерний Ургант" бағдарламасының қонағы болды


Қазақстандық әнші The Limba "Вечерний Ургант" бағдарламасының музыкалық қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әнші Apple Music-тің үздік 3 диаграммасына енген "Анима" альбомынан "Никаких эмоций" және "Блеск" әндерін шырқады.

Алматылық жас әнші Мұхаметәлі Ахметжанов The Limba лақап атымен өнер көрсетеді. Әншіге танымалдылық әкелген "Обманула" әні. Ол YouTube-те 6,9 миллионнан астам қаралым жинаған. Оның Androмен бірге орындаған "X.O" әні 2020 жылдың жазындағы ең танымал хиттердің бірі болды. Бұл трек TikTok әлеуметтік желісінде трендке айналды.