30 шіл, 2019 сағат 21:41

"Әр нәрсенің соңы болады" - Ғабидолла Әбдірахымов

Бүгін қызметінен босатылған Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерге алғыс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" экс-әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім - үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, Президентімізге алғыс айтамын. Қолдан келгенше қаланың дамуына әріптестермен бірге атсалыстым. Мен Шымкент халқына өте ризамын. Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім. Әр нәрсенің соңы болады бұл өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін. Аман болыңыздар. Шымкент жайнай берсін!», - деп жазды Ғабидолла Әбдірахымов Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Оның орнына осы күнге дейін Отырар ауданын басқарып келген Ерлан Айтаханов тағайындалды. Ал Қырымбек Көшербаев Ғабидолла Әбдірахымовтың билік артқан сенімді ақтамағанын айтты