11 шіл, 2019 сағат 14:27

Арыста деподан шыққан өрт сөндірілді - ТЖК

Арыс қаласындағы жөндеу-эксплуатация депосынан шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.    

«Қызыл жалын жалпы аумағы 2040 шаршы метрді қамтыған. Оны сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдай комитетінің жеке құрамынан 41 қызметкер мен 10 техника тартылды. Стансаның 8 қызметкері де жалынды ауыздықтауға атсалысты. Өрт сағат 16.45-те сөндірілді», - делінген баспасөз мәліметінде.  

Бұған дейін, Арыс қаласындағы темір жол депосының ТЧЭ 32 цехында өрт болып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.