26 қыр, 2022 сағат 11:35

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы тағайындалды


Руслан Қоңыров Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Нұрболат Топаев Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылған еді.