21 нау, 2022 сағат 23:58

Асхат Аймағамбетов Алматыда ЖОО студенттерімен кездесті


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматыда жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен кездестім. Сонымен қатар Қыздар педагогикалық университетінің жатақханасында болып, онда тұратын студенттермен де әңгімелестім. 

Көздері жанып тұрған жастармен жиі кездесемін және олардың шығармашылық идеялары мен кейде қиын сұрақтарын қуана тыңдаймын.

Бұл жолы болашақ ұстаздармен түлектердің кәсіби аттестаттау тақырыбын талқыладық. 

Сондай-ақ мұғалімдердің мансаптық перспективалары, мектеп пен университет арасындағы өзара байланыс, педагогикалық тәжірибедегі өзгерістер және кез келген жұмыста ұстануға тиіс принциптер, яғни академиялық адалдықтың маңызы туралы әңгіме өрбіттік. Көптеген сұрақ пен қызықты идеяға толы кездесу болды», - деп жазды министр.