29 қаз, 2023 сағат 23:58

Астана әкімі жарықтың сөнуіне байланысты жағдайды түсіндірді


Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек шаһарда неліктен жарық сөнгенін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бірқатар шағын ауданда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр.

Электр қуаты шахмат тәртібімен қайта қосылып жатыр: ішінара Оңтүстік-Шығыс, Мыңжылдық аллеясы, бірқатар тұрғын елді мекендері және т.б. Жақын арада барлық басқа учаске электр қуатына қосылатын болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп жазды ол Instagram парақшасында.