Фото: ТЖМ
Түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданында Е.Брусиловский көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде өрт шығып, оның 2 боксы ашық жалынмен жанды.
ТЖМ күштері 250 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.
Өрт салдарынан станцияны жалға алған 1986 жылы туған ер адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. 1 шағын автобус пен 1 жүк көлігіне зақым келді.
Сондай-ақ түнде бірнеше өңірде өрт оқиғасы тіркелді:
- - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Новодолинский кентінде 6 пәтерлі барак үлгісіндегі үйден өрт шықты;
- - Атырау облысы Жылыой ауданы Кульсары қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтердің жиһазы өртенді;
- - Жамбыл облысы Тараз қаласының 2-шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерден шыққан өрт сөндірілді.