Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
11-15 ақпан аралығында елордада Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында ерекше республикалық фестиваль ұйымдастырылады. Шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруда, деп хабарлайды Ult.kz.
Фестивальдің мақсаты – болашақ мамандарды, жұмыс берушілерді және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарын бір алаңда біріктіру. Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтарын танымал етуге және қоғамда олардың рөлін арттыруға бағытталған.
Тақырыптық көшелер мен бұрыштар:
Фестиваль қонақтары түрлі мамандықтар бойынша тақырыптық көшелермен таныса алады:
- Тау-кен және металлургия көшесі
- Машина жасау және көлік көшесі
- Ауыл және су шаруашылығы көшесі
- Құрылысшылар көшесі
- Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы
- Болашақ мамандықтар көшесі
Іс-шаралар бағдарламасы:
Фестиваль аясында келушілер үшін:
- Семинарлар мен шеберлік сыныптары
- Мұнай және энергетика саласындағы хакатондар
- Мамандықтар шеруі
- Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
- Стартап жобалардың таныстырылымы
- Машина жасау бойынша шеберлік сыныптары
- Концерттер мен мәдени бағдарламалар
- Халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстары өтеді.
Кіру тегін. Фестиваль күн сайын сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.
Мекенжай: «EXPO» Халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік ел, 53/1. Толық ақпарат: mamanfest.kz.