Фото: canva.com
Елордада шетелдіктерге заңсыз құжаттар дайындаған екі азамат сотталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, олар Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген 49 шетелдікке Қазақстан азаматтығын және уақытша тұруға рұқсат алуды заңсыз ұйымдастырған.
"Олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасап, екіншісі клиенттерді тауып, біріншісімен байланыстырған. Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде олар әр шетелдіктен 80 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан. Сотта мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді. Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Тергеу барысында олардың иелігінен 107 мың доллар, 2,5 миллион теңге және 200 мың рубль тәркіленді.