27 сәу, 2022 сағат 15:01

Астананың Триатлон саябағындағы жағажайда балық қырылды


Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон саябағындағы өзен жағасында балық қырылды. Ол туралы қала тұрғыны мәлім етіп, әкімдік болған жайтқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Уылдырық шашу кезеңіне байланысты өзендегі балық саны едәуір өсті. Сол себептен өзен жағажайы аумағындағы торлы қоршауларға балықтар қыстырылып қалды. Қазіргі уақытта Триатлон саябағында қайта жөндеу жүргізіліп, балықтардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін басқа тор қойылды», - делінген елорданың Алматы ауданы әкімдігі берген жауапта. 

Айта кетсек, астана тұрғыны әлеуметтік желіде Триатлон саябағындағы тормен қоршалған ашық жағажайда балықтардың қырылып жатқаны туралы жазған еді.