Облыс орталығында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және Ириклин су қоймасынан су ағынының ұлғаюына байланысты жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Атыраудың жедел штабы телеграм каналы.
Соңғы алты күнде (13 сәуір күні таңертеңгі мәлімет бойынша) жоспарланған 215,1 шақырымның 101,2 шақырымына жағалауды нығайту бөгеттері салынды. Айта кету керек, бастапқыда картографиялық деректер бойынша ұзындығы 105 шақырым бөгет құрылысы жоспарланған.