27 сәу, 2022 сағат 09:33

Атырау облысында мектеп дәретханасында оқушы аяусыз соққыға жығылған

Сурет: azh.kz

Атырауда №36 мектептің 11-сынып оқушылары мектеп дәретханасында 10-сынып оқушысын ұрған. Мектепте зардап шеккен адамға жарақаттар ауыр болған соң кәсіби дәрігерлер қажет болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.

"Зардап шеккен адам 25 сәуірде сағат 17.00-де Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Ол лор бөліміне жатқызылды. Науқасқа шұғыл ота қажет емес екеніне және қазір жақ-бет хирургиясы бойынша маман болмауына байланысты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу туралы шешім қабылданды. Науқасқа жоспарлы түрде 7-10 күн ішінде ота жасалуы керек еді. Алайда ата-анасы бүгін сағат 12-де баласын қолхат жазып, Оралға ұшақпен алып кетті. Облыстық балалар ауруханасы қазір жақ-бет хирургиясы маманын даярлап жатыр, ол биыл жұмысқа кірісуі тиіс", – деді Облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов.

Атырау Облыстық полиция департаменті осы дерек бойынша ҚР ҚК 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Оқиғаға байланысты қаланың білім бөлімі мектепте түсіндіру жұмыстарын жүргізді, мектеп директорлары мен әкімшілігіне тәртіптік жаза қолданды. Оқушының жағдайы бақылауға алынды", - деді Қалалық білім бөлімінің басшысы Фариза Шаңгереева.

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, тергеу-жедел іс-шаралары барысында кінәлі саналатын 11-сынып оқушысы анықталған. Оқиға куәгерлерінен жауап алынған. Қазір қылмыстық іс бойынша, оның ішінде сот-медициналық сараптамалар жүргізу бойынша қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Мектеп директоры кәмелетке толмағандар жасаған құқыққа қарсы әрекет туралы хабарламағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-1-бабын 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті Аршат Тайтуллин.