15 мау, 2021 сағат 19:15

Атырауда Жайық өзенінен екі тасбақа табылды


Атырауда Жайық өзенінен 2 тасбақа табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жайық өзенінде жүзіп жүрген тасбақаларды қала тұрғыны Юлия Вахмистрова байқаған. 

«Біздің аймақта тасбақалар жиі болмаса да, кездесіп тұрады. Бірақ Жайық өзенінен алғаш рет көрдім», - деп таңданысын білдіреді Юлия Вахмистрова.

Тасқабақалар жергілікті табиғат жанашырларын да таңдандырып отыр. 

«Біз мұндай тасбақаларды Маңғыстау өңіріндегі Саура шатқалында кездестірген едік. Онда тасбақаның тіршілік етуіне қолайлы орта бар. Ал, мына тасбақалар қала маңындағы Перетаска өзекшесінен келуі әбден мүмкін. Себебі, соңғы кезде оны тазарту қолға алынбады. Қамыс өсіп, батпаққа айналды. Бұл батпақта жүретін тасбақаға ұқсайды», - дейді «Глобус» экологиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Галина Чернова.