17 там, 2020 сағат 12:02

Айқын Қоңыров: Азаматтар талапты сақтау арқылы нысандардың жұмыс істеуіне мүмкін береді

Халық қауіпсіздік шараларын ұстану арқылы қызмет көрсету нысандарының жұмыс істеу мүмкіндігін сақтап қала алады. Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы, ҚР Парламентіндегі аталмыш партия фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантиннің әр қатаңдатылуы ақша табу мүмкіндігіне, яғни төлем қабілетіне әсер етеді. Бұл дегеніміз – әрбір қазақстандықтың қауіпсіздік шараларын сақтауы нарықтағы, дүкендердегі және қызмет көрсету саласындағы басқа да объектілердің тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Өкінішке қарай, азаматтар да, шағын және орта бизнес те карантин шараларынан зардап шекті. Егер адамдарда ережелерді бұзбай қызмет көрсетуге және тауар сатып алуға мүмкіндік болмаса, онда кәсіпкерлер табысын жоғалтады. Тиісінше, көптеген қазақстандықтар үшін жұмыс орындары жабылады», - дейді «Халықтық коммунистер» фракциясынан депутат Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, халық қауіпсіздік шараларын ұстану арқылы қызмет көрсету нысандарының жұмыс істеу мүмкіндігін сақтап қаламыз.

«Әрине, бұл Үкіметті барлық әлеуметтік топтарға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жауапкершілігінен босатпайды. Маскалардың, антисептиктердің, дәрі-дәрмектердің, сапалы медициналық қызметтердің болуы мәселесін ешкім күн тәртібінен шығармайды.

Біз осы қиын кезеңде азаматтық сананы көрсетіп, бір-бірімізді барынша қолдауымыз керек. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қызмет көрсету нысандарын пайдалану мүмкіндігін сақтаймыз. Қазақстан халқы ретінде біз бұл сынаққа тек бірігу арқылы қарсы тұра алатынымызды ұмытпауымыз қажет», - дейді ол.