11 там, 2022 сағат 16:57

Баланың аузын қысқан тәрбиешінің видеосы жұртты ашуландырды


Желіде тәрбиеші кішкентай баланың аузын қысып тұрған видео тарады. Бұл видео oblastnoykz Telegram-арнасында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Видео Думан шағынауданы Қарқаралы көшесіндегі балабақшада түсірілген.

Автордың айтуынша, балабақшада церебрал сал ауруына шалдыққан балалар бар және оларға да осылай қарайды", - делінген хабарламада.