20 қаң, 2025 сағат 12:09

Белгілі қазақстандық театр режиссері және актер Юрий Ханинга дүниеден өтті

Фото: М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрынан

Танымал театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Юрий Иванович Ханинга 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

"Юрий Иванович сахна шебері ғана емес, сонымен қатар шығармашылығы Қазақстанның театрлық ландшафтын өзгертіп, шәкірттерінің, әріптестері мен көрермендерінің жүрегінде өшпес із қалдырған нағыз шабыттандырушы болды" деп еске алады оның әріптестері.

"Оның жұмысы терең мағынаға, эстетикалық талғампаздыққа және өнерге деген шынайы сүйіспеншілікке толы болды. Ол тек көрнекті режиссер ғана емес, сонымен қатар ақылшы ұстаз. Оның ізіш басқан талантты актерлер мен режиссерлер буынын тәрбиелеп, шығармашылық рухты көтерді, және өнердің жоғары стандартын сақтап қалды. Театр әлемі орны толмас шығынға ұшырады. Оның есімі тарихта мәңгі қалады, ал оның шығармашылығы қойылымдарда, естеліктерде және оның өнері шабыттанғандарған көрермендердің жүрегінде мәңгі қалады", -деп жазады М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры баспасөз қызметі.


Сондай-ақ театр ұжымы: "Юрий Ивановичтің туыстары мен жақындарына, оның шәкірттеріне, әріптестеріне және онымен жұмыс істеу құрметіне ие болғандардың барлығына көңіл айтамыз. Ол туралы естелік жарқын болсын, ал оның мұрасы мәңгілік болсын", -деп жазған.

Юрий Иванович Ханинга-Бекназар 1949жылы 11 ақпанда Өскемен қаласында дүниеге келген. Ол театр актері, театр режиссері, педагог, профессор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері және "Құрмет" орденінің иегері.
1967 жылдан бастап Өскеменде балалар спорт мектебінде жаттықтырушы, дене тәрбиесі мұғалімі, орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеді. 1971 жылы Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін "орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі" мамандығы бойынша бітірді.


Фото:archive.np.kz

1973 жылдан бастап Қазақстанның бірқатар театрларында актер, режиссер, бас режиссер, көркемдік жетекші болып жұмыс істеді. 1982 жылы Б. В. Щукин атындағы театр училищесінің режиссерлік факультетін бітірген. Ол халық әртісі, профессор А.М. Поламишевтан тәлім алған.

2000 жылдан бастап актерлік шеберліктен, 2004 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінде драма театрының режиссурасынан сабақ береді, профессор. Оның тікелей басшылығымен және қатысуымен актерлік өнер және режиссура кафедрасы (кейіннен — кино, теледидар және театр кафедрасы) құрылды.

В. Войновичтің "Иван Чонкин" спектаклі 1990 жылы үздік спектакль болып танылды. Ханинга "Калигула" А. Камю (Павлодар), "Ромео және Джульетта" (Алматы), "Гамлет" (Алматы), "Тартюф" (Астана), "Неке" Н. В. Гоголь (Бішкек) және тағы басқа қойылымдары арқылы көрермен жүрегінде қалды.