22 қаң, 2018 сағат 08:36

Бірнеше облыста аязға байланысты қозғалыс шектелді

Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды "Қазавтожол" РМК баспасөз қызметі.

Ауа райы қолайсыздығы мен қатты аяз салдарынан қозғалыс шектелді:

Астанада – дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін барлық бағытта;
Ақмола облысында — дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;
Шығыс Қазақстан облысында – Семейден Павлодар облысына дейінгі аралықта (577-733 км) дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;
Қарағанды облысында – Теміртаудан Ақмола облысына дейінгі аралықта (1353-1424 км) дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;
Қостанай облысында – Қостанай-Әулиекөл-Челгаши тас жолынан Ақмола облысына дейін (3-232 км), Қостанай-Сарыкөл тас жолынан СҚО-ға дейін (555-729 км), Қостанай-Ұзынкөл тас жолынан СҚО-ға дейін (180-404 км) дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;
Павлодар облысында — дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;
Солтүстік Қазақстан облысында — дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін.