10 қыр, 2020 сағат 14:00

Биылғы сегіз айда 10 мыңнан астам қазақстандық құтқарылды - ҚР ІІМ

Биылғы 8 айда төтенше жағдай оқиғалары былтырға қарағанда 11 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жалпы, 8900-ден астам төтенше жағдай оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 8100-ден астамы өртке қатысты болды. 10 мыңнан астам адамды құтқару шаралары жүргізіліп, 12 мыңнан астамы қауіпсіз жерге көшірілді. Алғашқы медициналық көмек 2700-ден астам адамға көрсетілді», - деді Ю. Ильин бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдай оқиғаларының көбісі өрт қаупіне байланысты болды. 

«2019-2020 жылдар кезеңінде тұрғын үй секторында 5 мың өрт тіркелді. Бұл өз кезегінде жалпы тұрғын үй қорының 0,2 пайызы. Жеке тұрғын үйлерде 1801 оқиға, көпқабатты үйлерде 545 өрт тіркелді. Жылу беру маусымында жергілікті атұарушы органдармен бірлесе тұрғын үйлерді есепке алып, оларды аралап шығамыз», - деді Ю. Ильин.