13 ақп, 2025 сағат 16:04

Былтыр Түркістан облысының туризміне 80 млрд теңгеден астам қаржы құйылған

Фото: qazaqgeography.kz

2024 жылы елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Ult.kz.

Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген өңірлер:

  • Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);
  • Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);
  • Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);
  • Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);
  • Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).

Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.