10 сәу, 2020 сағат 10:45

COVID-19 жұқтырған қызылордалық келіншектің жаңа туған сәбиінің дені сау болып шықты

Қызылорда қаласының коронавирусты жұқтырған тұрғыны дүниеге әкелген балаға жасалған тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», - деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Еске сала кетсек, кеше Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанып, дүниеге салмағы 2970,0 грамм, бойы 51 сантиметр сәби әкелген болатын. 

Айта кетерлігі, Қызылорда облысында 104 адам коронавирусты жұқтырған, оның 4-еуі бүгін тіркелді.